Жыл басынан бері елімізде ең көп сатылған көлік брендтері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 18 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 18 368 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,7 пайызға төмен. Қаңтар-сәуір айларында қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 169,3 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 4,9 пайызға аз болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 11 709 адам (63,7 пайызы) отандық зауыттардың өнімі бойынша өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы төрт айда сатылған 6 659 автомобиль (36,3 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (3711 көлік), Hyundai (3171), Toyota (2877 ), KIA (1952) және Ravon (1890) маркалы көліктері көш бастады.

Мұнымен қоса, жақсы өткізілген ТОР-10 құрамына Renault (812 көлік), GAZ (664), Nissan (659), Volkswagen (516) мен UAZ (412) енді.

фото: azh.kz
Соңғы жаңалықтар