Жыл басынан бері Қостанай облысында 24 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2021 жылдың басынан бері COVID-19 жұқтырудың 23 930 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19-дың 31 492 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 23 930 жағдай тіркелді. 31 492 науқастың 27 280-і сауықтырылды, 3 617 адам амбулаторлық бақылауды адам жалғастыруда, 101 өлім-жітім жағдайы болды. Бүгінде облыс қызыл аймақта тұр. 21 стационарда 1 765 инфекциялық төсек-орын болса, жүктеме 34% көрсетуде, онда 607 адам емделіп жатыр. Қажет болған жағдайда біз төсек-орын санын 3 мыңға жеткізуге дайынбыз», - деді Рүстем Айтбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, облыстың дәріханалары мен стационарларында дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар.

Жоғары сұраныстағы дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды.

«ПТР тестілеу 5 зертхана базасында жүргізіледі, онда тәулігіне 2,5 мың зерттеу жүргізуге болады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі тұрғындарын қамту үшін Арқалық қаласында қуаты 300 зерттеуге жететін зертхана іске қосылды. Вакцинация 190 стационарлық және жылжымалы екпе пунктілерінде жүргізіледі. Вакцина салуға тиісті оқытудан өткен 426 медициналық қызметкер тартылған», - деді Р. Айтбаев.


Соңғы жаңалықтар