Жыл басынан бері ПТР-тесттен өтпеген 3200 жолаушы карантинге жатқызылды - Тұрғымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мобильді топтар карантин шараларын бұзу жағдайларын анықтап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері көлікке қатысты нысандардан ПТР-тесті болмаған 3200 азамат карантинге жатқызылды. Күніне ПТР-тесті болмаған 150-ге тарта адам карантинге орналастырылуда. Карантин шараларының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг топтары жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері олар 9 мыңға тарта рейд шарасын өткізіп, 773 заңбұзушылықты анықтады. Осы заңбұзушылықтардың ішінде 77 пайызы айтарлықтай заңбұзушылыққа (маска тақпау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, санитайзерлердің болмауы) жатпайды. Өрескел заңбұзушылық жағдайдың 175 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, 152 заңбұзушылық түнгі клубтар, сауда орталықтары, мейрамханаларың әкімшілері тарапынан жасалған», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша мобильді топтар өңірлердің ішінде әсіресе Түркістан облысында заңбұзушылықтардың жиірек тіркеліп жатқанын анықтаған.

«Жоғарыда аталған заңбұзушылықтардың 60 пайызы (450-і) Түркістан облысында тіркелуде», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар