Жыл басынан бері жетім балалар мемлекеттен неше пәтер алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқығы бар», - деп жазды Ералы Тоғжанов өз жауабында.

Оның айтуынша, 2020 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 847 пәтер, ал биыл алғашқы үш айда 403 пәтер берілген.

«Сіздің сауалыңыз бойынша Шымкент қаласының әкімдігі арқылы берілген тұрғын үйлерге тексеру жүргізілді. 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 48-ге жетті», - деп жазылған вице-Премьердің жауабында.

Аталмыш тексеру барысында екі азаматтың «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша пәтер алса да, тізімге енгізілмегені белгілі болыпты. Бүгінгі таңда тізім жаңартылып, толықтырылған.

Соңғы жаңалықтар