Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 744 адам қаза тапқан

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жыл басынан бері жол апатынан 744 адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Еnergyprom.kz мәліметінше, көлік апатынан көз жұмғандардың көбі Алматы (163 адам), Жамбыл (99 адам) және Түркістан облыстарында (63 адам) тіркелген.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған өлім жағдайлары Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да аз емес.

Мұнда 100 адамға шаққанда 31-35 адам көлік апатынан көз жұмады екен.

Ал қайғылы жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына аз тіркелген. Бұл шаһарларда 100 адамға есептегенде 2-3 адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болады.

Биылғы 5 айда 5,2 мың жол апаты болып, одан 7,7 мыңға жуық адам зардап шеккен.

Жарақат алғандардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға көп.


Соңғы жаңалықтар