Жыл сайын 35 өнеркәсіптік-тауарлық сүт фермасын іске қосамыз – Сапархан Омаров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жыл сайын 500 мың тоннаға суық сүт өнімдерін импорттап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүт өнімдері импортының жалпы көлемі сүт шикізатына қайта есептегенде шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Молықтыру мәселесін өнеркәсіптік тауарлық сүт фермаларының қуаттылықтарын іске қосу мен кеңейту және отандық сүт зауыттарын жете жүктеу есебінен шешу жоспарланып отыр», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.

Министрдің атап өтуінше, елімізде жыл сайын 35 өнеркәсіптік-тауарлық сүт фермасын іске қосу жоспарланған.

«Бұл ретте өткен жылдың өзінде жалпы қуаты 98 мың тонна болатын 48 тауарлық сүт фермасы іске қосылды, оның 17-сі – өнеркәсіптік-тауарлық сүт фермалары», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар