+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды

2021 жылғы 27 ақпан 16:46
Бөлісіңіз:
Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат — Қостанай облысында боранды күні жылқы іздеуге шыққан ер адам бір аптадан соң табылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда екі автобус соқтығысып, 12 адам қаза тапты Биылғы I тоқсанда өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шекті Қызылордада жұмыртқа тиелген көлік аударылып қалды

Осы жылдың 21 ақпаны күні Амангелді ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, жылқы іздеуге шыққан Амангелді Сағымбайұлының қайтып оралмағанын айтады.

«1971 жылы туған жылқышы Үрпек ауылына қарасты «Евразия-Инвест» ЖШС-не тиесілі «Бірәлі» қыстағында жылқы бағып жүрген. 20 ақпан күні түнде атпен жылқы іздеп шыққан. Іздестіруге аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Амангелді ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі М.Ахметов, тергеуші С.Махамбетов, учаскелік полиция инспекторы К. Әмірбеков шыққан болатын.Іздеу іс-шараларының нәтижесінде 27 ақпан күні жылқышы А.Тұржанов табылып, тікұшақпен Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілді», делінген полиция таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жылқышы боранды күндері қар астында жатып, үсіп кетуден аман қалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT