Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін ұзартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында карантин мерзімі 2 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллиннің қаулысында айтылған.

«Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтану үшін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылсын» делінген құжатта.

Сондай-ақ, 18 маусым сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларға қатысты бірнеше уақытша шектеулер белгіленген. Оның ішінде жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру да бар. Осы кезге дейінгі шектеулер талабы бұрынғыша сақтала береді.

Бұған дейін Атырауда тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар