Жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табыста құн өсімі қалай анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкер емес жеке тұлғаның Қазақстандағы жылжымайтын мүлікті сатуы кезінде құн өсімін анықтауды мысалдар келтіре отырып түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мүліктік кіріс алған азаматтардан осы мәселе бойынша жиі сұрақтар туындайды. Сату барысында құн өсімінен жеке табыс салығы есептелетінін ескеру керек (10% мөлшерлеме). Түсінікті болуы үшін құн өсімін анықтау кезінде мынадай ақпаратты пайдалануды ұсынамыз. Пәтер, саяжай, жеке қосалқы шаруашылық объектісі, гараж, жеке тұрғын үй бойынша – 7 кейс; ЖТҚ және коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскесіне қатысты– 4 кейс; коммерциялық жылжымайтын мүлік бойынша – 6 кейс ұсынылады», делінген хабарламада.

Мүліктік кірістен жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлемесі бойынша дербес жүргізіледі және осындай кіріс алынған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төленуі тиіс.

Мүліктік кіріс алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) тапсыру қажет.

Егер табыс 2020 жылы алынса, онда декларация 2021 жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылуы керек, ал жеке табыс салығы 2021 жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Пәтер, саяжай, жеке қосалқы шаруашылық объектісі, гараж, жеке тұрғын үй

№ 1- кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған

Объектілер: пәтерлер, саяжайлар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар, жеке тұрғын үйлер

Меншік құқығында болу кезеңі: меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) (сатып алу-сату шартында көрсетілген) арасындағы оң айырма.

№ 2-кейс

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы бұрын сатып алынған жылжымайтын мүлік

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма.

№ 3-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын айырбас шарты бойынша сатып алынған

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) (айырбас шартында көрсетілген) арасындағы оң айырма.

Маңызды! Айырбас шартында баға болмаған жағдайда, мүлікті өткізу бағасы мен меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» МК мүлік салығын есептеу үшін айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма.

№ 4-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын мұра немесе қайырымдылық түрінде алынған

Объектілер: пәтерлер, саяжайлар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар, жеке тұрғын үйлер

Меншік құқығында болу кезеңі: меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма.

Маңызды! Нарықтық құны болмаған жағдайда, не нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» МК мүлік салығын есептеу үшін айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма.

Нарықтық құнды бағалаушылар анықтайды.

№ 5-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сыйға тарту шарты бойынша алынған

Объектілер: пәтерлер, саяжайлар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар, жеке тұрғын үйлер

Меншік құқығында болу кезеңі: меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма.

№ 6-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған

Объектілер: пәтерлер, саяжайлар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, гараждар, жеке тұрғын үйлер

Меншік құқығында болу кезеңі: меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма.

№ 7-кейс

Жеке тұрғын үй бұрын өз бетінше салынған

Объектілер: жеке тұрғын үй

Меншік құқығында болу кезеңі: меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы (құны) мен мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма.

Маңызды! Нарық құны болмаған жағдайда, не нарық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына «Азаматтарға арналған үкімет» МК мүлік салығын есептеу үшін айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма.

Нарықтық құнды бағалаушылар анықтайды.

Жеке тұрғын-үй қоры (ЖТҚ) және коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскесі

№ 1-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған

Объектілер: ЖТҚ және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған жер учаскелері, бау-бақша учаскелері.

Меншік құқығында болу кезеңі:

ЖТҚ үшін жер учаскелері үшін - меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем;

коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелері үшін – иелену мерзіміне қарамастан;

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма.

№ 2-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын айырбас шарты бойынша сатып алынған

Объектілер: ЖТҚ және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған жер учаскелері, бау-бақша учаскелері.

Меншік құқығында болу кезеңі:

ЖТҚ үшін жер учаскелері үшін - меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем;

коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелері үшін – иелену мерзіміне қарамастан;

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма

(айырбас шартында көрсетілген).

Маңызды! айырбас шартында баға болмаған жағдайда, мүлікті өткізу бағасы мен кадастрлық құн арасындағы оң айырма, бұл ретте мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет»МК неғұрлым кеш күндердің біріне:

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады.

№ 3-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын мұра немесе қайырымдылық түрінде алынған

Объектілер: ЖТҚ және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған жер учаскелері, бау-бақша учаскелері.

Меншік құқығында болу кезеңі:

ЖТҚ үшін жер учаскелері үшін - меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем;

коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелері үшін – иелену мерзіміне қарамастан;

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны мен мүлікті өткізу бағасы (құны) арасындағы оң айырма.

Маңызды! нарықтық құны болмаған жағдайда не нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде - мүлікті өткізу бағасы (құны) мен кадастрлық құн арасындағы оң айырма, бұл ретте мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» МК неғұрлым кеш күндердің біріне:

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады.

№ 4-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сыйға тарту шарты бойынша алынған

Объектілер: ЖТҚ және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған жер учаскелері, бау-бақша учаскелері.

Меншік құқығында болу кезеңі:

ЖТҚ үшін жер учаскелері үшін - меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан кем;

коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелері үшін – иелену мерзіміне қарамастан;

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы (құны) мен кадастрлық құн арасындағы оң айырма, бұл ретте мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» МК неғұрлым кеш күндердің біріне:

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік

№ 1-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) (сатып алу-сату шартында көрсетілген) арасындағы оң айырма.

№ 2-кейс

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы бұрын сатып алынған жылжымайтын мүлік

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма.

№ 3-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын айырбас шарты бойынша сатып алынған

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы мен оны сатып алу бағасы (құны) (айырбас шартында көрсетілген) арасындағы оң айырма.

Маңызды! Айырбас шартында баға болмаған жағдайда, құн өсімі өткізудің барлық бағасынан (құнынан) айқындалады.

№ 4-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын мұра немесе қайырымдылық түрінде алынған

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы (құны) мен мүлік өткізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей айқындалған меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма.

Маңызды! Нарықтық құн болмаған жағдайда не нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде – құн өсімі өткізудің барлық бағасынан (құнынан) айқындалады.

№ 5-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын сыйға тарту шарты бойынша алынған

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = өткізудің барлық бағасы (құны).

№ 6-кейс

Жылжымайтын мүлік бұрын талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған

Объектілер: коммерциялық жылжымайтын мүлік

Меншік құқығында болу кезеңі: иелену мерзіміне қарамастан

Өткізуі кезіндегі құн өсімі = мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма.

Соңғы жаңалықтар