Зілзаладан зардап шеккен Албанияға Түркия құтқарушылар ұшағын жіберді

None
None
ТИРАНА. Анадолы – ҚазАқпарат - Зілзаладан зардап шеккен Албанияға көмек ретінде Түркия құтқарушылармен қоса арнайы жабдықталған ұшағын жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия әскери әуе күштерінің А400М ұшағы Албанияға үш арнайы көлікті және 27 кәсіби құтқарушы маманды жіберді. Құтқарушы топ Түркия үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD), Түркия Ұлттық медициналық құтқару командасы бригадасының (UMKE) және Түркия Қызыл жарты ай қоғамының қызметкерлерінен жасақталған.

Олар бірден зор шығын келген Дуррес қаласына аттанды.

Еске сала кетейік, Албанияда болған 6,4 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Албанияның Жер, энергетика, су және қоршаған орта жөніндегі ғылыми институтының (IGJEUM) деректеріне қарағанда, жер сілкінісінің эпицентрі елдің батысындағы Дуррес қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан. Дүмпудың ошағы 38 км тереңде болған.

Соңғы жаңалықтар